09.11.2025 14:54
«Ювентус» жұлдызы ат басын Англияға бұруы мүмкін
09.11.2025 14:54
«Ювентус» шабуылшысы Джонатан Дэвид мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін

Tutto Mercato мәліметінше, 25 жастағы канадалық футболшыға Лондонның қос бірдей клубы «Челси» мен «Тоттенхэм» қызығушылық танытып отыр.
«Ювентус» болса Джонатанды қыста маусым соңына дейін жалға беруге дайын екен.
Дэвид Туриннің клубына өткен жазда «Лилльден келіп қосылған еді. Осы аралықта 14 ойында бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.