09.11.2025 14:12
Майк Меньян АПЛ-ге ауысуы мүмкін
09.11.2025 14:12
«Милан» қақпашысы Майк Меньян мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін

La Gazetta dello Sport мәліметінше, 30 жастағы французға «Челси» қызығушылық танытып отыр. Меньянның өзі ат басын Лондонға бұруға дайын екен.
Сондай-ақ көз тіккедердің қатарында «Бавария» мен «Ювентус» бар.
Меньян осы маусымда 12 ойында тоғыз гол өткізіп, алты матчта қақпасын «құрғақ» сақтап қалды.