09.11.2025 13:41
«Реал Мадрид» тағы бір ойыншысын сатуға дайын
09.11.2025 13:41
«Реал Мадрид» Родригоны сатуға дайын

Defensa Central порталының мәліметінше, «Реал Мадрид» Родригоның қазіргі ойын деңгейіне разы емес. Сондықтан оны сатуға дайын екен. Клуб басшылығы кемінде 50 миллион еуро көлеміндегі ұсыныстарды қарастырады.
Родриго Хаби Алонсоның ойын жүйесіне келмейтін секілді. Ойыншыға негізгі құрамда өнер көрсету арман болған. Жасыл алаңда доп тепкен минуттары да тым аз. Шабуылшының өзі де клубтан кетуге қарсы емес көрінеді. Әзірге ресми ұсыныстар түспеген.
«Реал» бүгін сырт алаңда «Райо Вальеканомен» өзара мықтыны анықтайтын болады.