09.11.2025 15:44

Левандовски мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

09.11.2025 15:44

«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски «Миланға» ауысуы мүмкін

Sport хабарлауынша, 37 жастағы футболшыны «россонеридің» бас бапкері Массимилиано Аллегри аттай қалап отыр.

Қос тарап арасында келіссөз басталып кетіпті. Қазірдің өзінде поляк ойыншысының агенті Пини Захави «Миланның» басшылығымен кездесіп үлгерген.

Левандовски осы маусымда 11 матчқа қатысып, төрт гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram