09.11.2025 19:07

Айвен Тоуни АПЛ-ге оралуы мүмкін

09.11.2025 19:07

Саудияның «Әл-Ахли» клубында ойнайтын Айвен Тоуни Ағылшын Премьер-лигасына оралуы мүмкін

Football Insider хабарлауынша, 29 жастағы шабуылшыға «Тоттенхэм» көз тігіп отыр.

Лондонның клубы Доминик Соланке немесе Ришарлисонды сатып, оның орнына Тоуниді алғысы келеді екен.

Тоуниге АПЛ таңсық емес. Ол бұған дейін «Ньюкасл» (2015-2018) мен «Брентфордтың» (2020-2024) намысын қорғаған. Англия біріншілігінде жалпы 85 матчта 36 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram