09.11.2025 18:37
Букайо Сака «Арсеналда» қалады
09.11.2025 18:37
Букайо Сака «Арсеналда» қалатын болды

Николо Скираның мәліметінше, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың жазына дейін ұзартады. Жаңа құжатқа сәйкес, жалақысы да айтарлықтай өседі екен.
24 жастағы англиялық вингер Лондон клубының намысын 2019 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 277 ойында 76 гол соғып, 71 нәтижелі пас берді. Оның «Арсеналмен» қазіргі келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.