09.11.2025 23:05
«Севилья» сатылады
09.11.2025 23:05
«Севилья» клубы 300 млн еуроға сатылуы мүмкін

Испанияның «Севилья» футбол клубын жақын уақытта сату мүмкіндігі туралы ақпарат тарады. Клуб бағасы шамамен 300 миллион еуро деп бағалануда.
Алайда, «Севильяның» қаржылық жағдайы мәз емес — қарыз көлемі 200 миллион еуродан асады. Бұл мәселе команданың жаңа иесіне үлкен мәселе болуы мүмкін.
Испан басылымдарының хабарлауынша, клубты 2026 жылдың басына дейін сату мүмкіндігі қарастырылуда. Қазір «Севильяның» басшылығы бірнеше әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр.