10.11.2025 02:48

ПСЖ жеңісті жұлып әкетті

10.11.2025 02:48

Франция Бірінші лигасының 12-турында ПСЖ сырт алаңда «Лионды» сан соқтырды

«Парк Олимпик Лион» стадионында өткен кездесуде 2:3 есебі тіркелді. ПСЖ сапында Уоррен Заир-Эмери мен Хвича Кварацхелия көзге түсіп, алаң иелерінің құрамында Альфонсо Моррейра мен Эйнсли Мэйтленд-Найлс мергендік танытқан. Алайда 90+5-минутта Жоау Невеш жеңіс голын соғып кетті.

Осылайша 27-ұпайын еншілеген Париждің клубы турнир кестесінде көш бастады.

Луис Энрике шәкірттері келесі турда 22 қараша күні «Гаврды» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram