10.11.2025 02:27

«Интер» «Лациодан» басым түсті

10.11.2025 02:27

Италия А Сериясының 11-турында «Интер» өз алаңында «Лационы» тізе бүктірді

Джузеппе Меацца атындағы стадионда өткен кездесуде Миланның клубы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Алаң қожайындары сапында Лаутаро Мартинес пен Анж-Йоан Бонни гол соқты.

Осылайша 24-ұпайын қанжығасына байлаған «нерадзурри» турнир кестесінде көш бастады.

Кристиан Кивудың жігіттері келесі турда 23 қараша күні «Миланмен» кім мықтыны анықтайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram