10.11.2025 12:10

«Ливерпуль» 13 жыл бұрынғы нәтижесін қайталады

10.11.2025 12:10

Ағылшын Премьер-лигасының 11-турында «Ливерпуль» «Манчестер Ситиге» (0:3) есе жіберді

Осылайша Мерсисайдтың клубы АПЛ аясында сырт алаңдағы қатарынан төртінші матчта жеңіліс тапты. Бұған дейін «қызылдар» «Кристал Пэлас» (1:2), «Челси» (1:2) және «Брентфордке» (2:3) жол берді.

Мұндай масқара соңғы рет 2012 жылы тіркелген екен. Ол кезде Кенни Далглиштің жетекшілігімен команда «Манчестер Юнайтед» (1:2), «Сандерленд» (0:1), «Куинз Парк Рейнджерс» (2:3) және «Ньюкаслға» (0:2) жеңіліп қалған.

Айта кетейік, 11 турдан кейін 18 ұпай жинаған Арне Слоттың шәкірттері турнир кестесінде 8-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram