09.10.2025 15:27

Куман «Барселона» – «Вильярреал» матчының АҚШ-та өтетініне наразы

09.10.2025 15:27

«Барселона» клубының бұрынғы ойыншысы әрі экс-бапкері Рональд Куман «Вильярреалға» қарсы матчтың шетелде өтетінін құптамады

— «Күлкілі шешім. «Барселона» үшін әрдайым «Вильярреалдың» алаңында ойнау қиынға соққан. Енді бұл кездесу бейтарап стадионда өтеді. Ол жерде «Барса» жанкүйерлері басым болатыны айтпаса да түсінікті. Бұл спорттық тұрғыдан дұрыс емес»,– деді Нидерланд құрамасының бас бапкері.

Ла Лиганың 17-туры аясындағы кездесу 20 желтоқсан күні АҚШ-тың Майами қаласында орналасқан «Хард Рок» стадионында өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram