04.08.2026 14:24
Кунде ПСЖ-ға ауысуы мүмкін
04.08.2026 14:24
«Барселона» қорғаушысы Жюль Кунде ПСЖ-ға ауысуы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, ПСЖ қазірдің өзінде «Барселонамен» Ферран Торрес бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Париждің клубы соны пайдаланып Кундені де өз қатарына қосып алғысы келеді.
ПСЖ президенті Нассер Әл-Хелайфи Жюльді аттай қалап отыр. Ал бас бапкер Луис Энрике оны ортаға ойыстырып, бұрынғы позициясында ойнатуды көздейді. Кунде негізі «Барселонаға» ауыспай тұрып, орталық қорғаушы болған, ал қазір оң қапталға жауап береді.
«Блауграна» 27 жастағы Франция құрамасының ойыншысын 2022 жылы «Севильядан» 50 миллион еуроға сатып алған еді. Ол өткен маусымда 47 матчта үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.