21.10.2026 14:39

Кварацхелия үшін маусым аяқталды

21.10.2026 14:39

ПСЖ дүлдүлі Хвича Кварацхелия қатардан шықты

25 жастағы грузиялық вингер «Барселонаға» (4:2) қарсы кездесуде оң жақ тізесінің айқыш байламын үзіп алыпты. Осыған байланысты ол 9-12 ай көлемінде командасына көмектесе алмайды. Хвичаға жақында ота жасалады.

Сондай-ақ бұлшық етін зақымдап алған Осман Дембеле мен Маркиньос бірнеше апта алаңға шықпайтын болды.

Париждің клубы Кварацхелияны 2025 жылдың қаңтар айында «Наполиден» 80 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 11 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Хвичаның ПСЖ-мен келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram