21.10.2026 02:19

«Ливерпуль» голға толы ойында «Вильярреалды» жеңді

21.10.2026 02:19

Чемпиондар лигасының үшінші турында «Ливерпуль» өз алаңында «Вильярреалдан» басым түсті

«Энфилд» стадионында өткен кездесуде 4:3 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Алексис Макаллистер дубль жасаса, Рональд Араухо мен Флориан Вирц бір голдан соқты. Ал «Вильярреал» құрамында Георги Микаутадзе, Серхи Кардона және Тани Олувасейи дараланды.

Осылайша Мерсисайдтың клубы тоғызыншы ұпайын еншілеп, мінсіз көрсеткішпен келеді. Андони Ираоланың командасы келесі турда 4 қараша күні «Фенербахчеге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram