20.10.2026 23:46
«Сабах» «Боруссияға» есе жіберді
20.10.2026 23:46
Чемпиондар лигасының үшінші турында «Сабах» өз алаңында «Боруссияға» есе жіберді

Бакуде өткен кездесуде 1:2 есебі тіркелді. Дортмунд клубының сапында Серу Гирасси дубль жасады. Ал алаң иелерінің жалғыз голын Аден Маккарти соқты. Отандасымыз Стас Покатилов толық матч өткізіп, алты сейв жасады.
Осылайша «Боруссия» екінші жеңісіне қол жеткізді. Ал «Сабахтың» еншісінде үш ұпай бар.
Покатилов бастаған Әзірбайжанның клубы келесі турда «Викингке» қонаққа барса, Нико Ковачтың шәкірттері «Бетисті» қабылдайды.