20.10.2026 17:38
ПСЖ – «Барселона» матчының фавориті аталды
20.10.2026 17:38
Бүгін Чемпиондар лигасының үшінші турында ПСЖ «Барселонаны» қабылдайды

Opta порталы бұл ойында «Барселонаға» сәл басымдық беріп тұр. Алаң қонақтарының жеңіске жету ықтималдығы 39,1%-ды құрайды. ПСЖ-ның мүмкіндігі 38,2%-ға бағаланған. Ал тең есеп тіркеледі дегенге 22,6% ұсынды.
00:00-де басталатын кездесуді Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Кездесу «Парк-де-Пренс» стадионында өтеді.
Екі турдан кейін қос команданың еншісінде алты ұпайдан бар. Турнир кестесінде Париждің клубы көш бастап тұр. Ал «блауграна» екінші орынға жайғасқан.