15.10.2026 01:58

ПСЖ «Манчестер Ситиді» тізе бүктірді

15.10.2026 01:58

Чемпиондар лигасының екінші турында ПСЖ сырт алаңда «Манчестер Ситиді» сан соқтырды

«Этихад» стадионында өткен кездесуде 2:4 есебі тіркелді. Париж клубының сапында Дезире Дуэ, Осман Дембеле, Витинья және Магнес Аклиуш мергендік танытты. Ал алаң иелерінің құрамында Эрлинг Холанд дубль жасады.

Осылайша ПСЖ екінші жеңісіне қол жеткізді. «Манчестер Сити» болса үш ұпаймен қалды.

Келесі турда Луис Энрикенің шәкірттері «Барселонаны», ал Энцо Маресканың командасы АЕК-ті қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram