14.04.2026 09:44

Леау «Миланнан» кетуі мүмкін

14.04.2026 09:44

«Милан» вингері Рафаэл Леау клуб ауыстыруы мүмкін

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, оған көз тіккендердің қатарында «Барселона», «Бавария», «Манчестер Юнайтед» және Сауд Арабиясының клубтары бар.

Оның «Миландағы» болашағы бұлыңғыр. Рафаэлдің жанкүйерлермен де арасы бұзылып кетіпті. Сондықтан «россонери» 80 миллион еуро ұсыныс түскен жағдайда басты жұлдызын сатып жіберуге әзір.

Леау «Милан» намысын 2019 жылдан бері қорғап келеді. 26 жастағы португалиялық ойыншы осы маусымда 26 матчта 10 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram