18.12.2025 11:15

Леау «Наполиге» қарсы ойнамайды

18.12.2025 11:15

«Милан» жұлдызы Рафаэл Леау қатардан шықты

26 жастағы Португалия вингері жарақатына байланысты топтық жаттығуға қатыспапты. Ол жекелей бағдарлама бойынша шынығып жүр. Осыған байланысты Леау «Наполиге» қарсы матчқа дайын емес.

Айта кетейік, «Милан» бүгін, 18 желтоқсанда Италия Суперкубогының жартылай финалы аясында «Наполимен» кездеседі. 00:00-де басталатын матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram