18.12.2025 10:28
Англия Лига кубогының жартылай финал жұптары анықталды
18.12.2025 10:28
Англия Лига кубогының жартылай финалында кездесетін жұптар белгілі болды

Алғашқы финал жолдамасын «Ньюкасл» мен «Манчестер Сити» сарапқа салады. Екінші жартылай финалда «Челси» «Арсенал» – «Кристал Пэлас» жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Матчтар 12 қаңтар мен 2 ақпан аралығында өтеді.
Еске салсақ, турнирдің өткен маусымында «Ньюкасл» топ жарған еді.