18.12.2025 10:14

«Вольфсбург» еркін агент ретінде жаңа ойыншы алды

18.12.2025 10:14

«Вольфсбург» «Фламенгоның» орталық қорғаушысы Клейтонды еркін агент ретінде қатарға қосты

«Вольфсбург» «Фламенго» клубының орталық қорғаушысы Клейтонмен келісімшартқа қол қойды.

22 жастағы ойыншы жаңа клубына еркін агент ретінде қосылады. Трансфер ресми түрде 2026 жылдың 1 қаңтарында рәсімделеді. Клейтонның «Вольфсбургпен» келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Клейтон «Канаа» академиясының түлегі. Ол «Фламенго» сапында 2020 жылдың қаңтарынан бері өнер көрсетіп келеді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram