18.12.2025 09:49

Анчелоттидің ұлы жұмыссыз қалды

18.12.2025 09:49

Давиде Анчелотти «Ботафого» бас бапкері қызметінен кетті

Карло Анчелоттидің туған ұлы Бразилия клубымен келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды.

36 жастағы маман «Ботафогоны» шілде айында тізгіндеген еді. Оның тұсында команда 15 рет жеңіске жетіп, 10 мәрте тең түссе, тоғыз ойында қарсыласына есе жіберді.

Сондай-ақ Давиденің тұсында «Ботафого» тарихында алғаш рет Либертадорес кубогының іріктеуінен іркілмей өтті.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram