18.12.2025 01:01

ПСЖ құрлықаралық кубокты жеңіп алды

18.12.2025 01:01

ПСЖ 2025 жылғы құрлықаралық кубоктың иегері атанды

Қатардың Эр-Райян қаласында өткен матчта Париждің клубы Бразилияның «Фламенгосын» тізе бүктірді.

Кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. 38-минутта Хвича Кварацхелия есеп ашса, 62-де Жоржинио пенальтиден таразы басын теңестірді. Ал пенальти сериясында ПСЖ 2:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, бұл турнирде Чемпиондар лигасының жеңімпазы Либертадорес кубогының иегерімен күш сынасады. Ал былтырғы маусымда «Реал» «Пачуканы» 3:0 есебімен жеңген еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram