17.12.2025 21:10
Суарес «Интер Майамиде» қалды
17.12.2025 21:10
Луис Суарес «Интер Майамиде» қалды

Қос тарап келісімшартты 2026 жылдың соңына дейін ұзартты.
38 жастағы Уругвай шабуылшысы флоридалықтардың намысын 2024 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 87 матчта 42 гол соғып, 29 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ командамен бірге екі трофей жеңіп алды.
Ал биыл 42 ойын өткізіп, 14 гол мен 15 ассисттің авторы атанды.