18.12.2025 09:58
Мбаппе тарихи нәтижеге жақын
18.12.2025 09:58
Мбаппе - «Реал» сапындағы бір күнтізбелік жылдағы голдар бойынша Роналдудың рекордына жақындады

«Реал» сырт алаңда Испания Кубогының 1/16 финалы аясында «Талавераны» 2:3 есебімен жеңді.
Бұл матчта мадридтіктердің шабуылшысы Килиан Мбаппе дубль жасап, осы жылы «корольдік клуб» сапындағы 58-гол соқты.
Оған «Реал» құрамындағы бір күнтізбелік жылдағы голдар саны бойынша Криштиану Роналдудың рекордына жету үшін 1 гол ғана қалды. Португалиялық футболшы 2013 жылы 59 рет гол соққан еді.