18.12.2025 10:05
ПСЖ тарихи нәтиже тіркеді
18.12.2025 10:05
ПСЖ «Фламенгоны» (1:1, 2:1 пен.) тізе бүктіріп, құрлықаралық кубоктың иегері атанды

Бұл Париж клубының осы жылы жеңген алтыншы трофейі болды. Луис Энрике шәкірттері осыған дейін Чемпиондар лигасы, УЕФА Суперкубогы, Франция чемпионаты және Ел Кубогы мен Суперкубогын еншілеген еді.
Ал тарихта мұндай нәтижені тек «Барселона» (2009) мен «Бавария» (2020) тіркеген.
Сондай-ақ ПСЖ жеті трофей жеңіп, септулл жасаған алғашқы клуб атанар еді. Алайда олар Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының финалында «Челсиден» (0:3) жеңіліп қалды.