12.12.2025 09:25

Левандовски «Барселонада» қалады

12.12.2025 09:25

Роберт Левандовски мансабын «Барселонада» жалғастыра бергісі келеді

Хосе Альварестің хабарлауынша, 37 жастағы Польша шабуылшысы Каталония клубында қалу туралы шешім қабылдап қойды. Тіпті жалақысының қысқаратынына да көніп отыр екен.

Осыған дейін Левандовскиге «Фенербахче» 1,5 жылдық келісімшарт ұсынған еді. Бірақ Роберт Ыстамбұл клубының бетін қайтарды.

Левандовски осы маусымда 17 матчта сегіз гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram