13.06.2026 16:58
Левандовски «Чикаго Файр» ойыншысы атануға жақын
13.06.2026 16:58
Роберт Левандовски жақында «Чикаго Файр» ойыншысы атанады

Sport.es хабарлауынша, қос тарап 2028 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы келісімге келді. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі болады екен. Ал Роберттің ондағы жалақысы 15 миллион еуроны құрайды және жақсы ойнап жатса бонус ретінде тағы бес миллион беріледі. Осылайша Левандовски Сауд Арабиясынан түскен ұсыныстардан бас тартып, MLS клубын таңдады.
37 жастағы поляк форварды «Барселонадан» кететінін хабарлап қойған еді. Ол биылғы маусымда 46 матчта 19 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.