11.04.2026 12:02
Левандовски «Миланға» ауысуы мүмкін
11.04.2026 12:02
«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски «Миланға» ауысуы мүмкін

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, ол «россонерри» сапына қосылғысы келеді және келіссөз бастауға дайын. Роберттің агенті осы аптада Милан клубының басшылығымен кездеседі екен.
Сондай-ақ оған МЛС-тың «Чикаго Файрынан» және Сауд Арабиясы клубтарынан майлы ұсыныс түсініпті, бірақ өзі «Миланды» қалап тұр.
37 жастағы поляк форварды «блауграна» сапына 2022 жылы «Бавариядан» 45 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 39 матчта 17 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.