11.04.2026 02:06
«Реал» «Жиронаны» жеңе алмады
11.04.2026 02:06
Испания Ла Лигасының 31-турында «Реал» өз алаңында «Жиронамен» тең тарқасты

«Бернабеу» стадионында өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Федерико Вальверде 51-минутта есеп ашты. Ал 62-минутта Томас Лемар таразы басын теңестірді.
Осылайша Мадридтің клубы 70-ұпайын еншілеп турнир кестесінде екінші орында қалды.
Альваро Арбелоаның шәкірттері келесі турда 21 сәуір күні «Алавесті» қабылдайды. Ал одан алты күн бұрын Чемпиондар лигасының 1/4 финалында «Баварияға» қонаққа барады.