27.02.2026 10:50

Лингардтың жаңа клубы белгілі болды

27.02.2026 10:50

Джесси Лингард «Коринтианс» ойыншысы атануға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Бразилияның клубы 33 жастағы ағылшын жартылай қорғаушысын еркін агент ретінде қатарына қосқысы келеді. Сондай-ақ Джессиге MLS клубтары да қызығушылық танытып отыр. Ал «Коринтианс» олардың алдын орап кетуді көздейді.

Лингардтың соңғы клубы «Сеул» болып, одан 1 қаңтарда кетті. Оған дейін «Манчестер Юнайтед», «Ноттингем», «Вест Хэм», «Дерби Каунти», «Брайтон», «Лестер» және «Бирмингемде» ойнаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram