07.12.2025 15:07

«Ливерпуль» Салахты құрамнан алып тастауы мүмкін

07.12.2025 15:07

«Ливерпуль» Мұхамед Салахқа қатты наразы

33 жастағы вингер кешегі «Лидспен» (3:3) ойыннан кейін клубтан кетуі мүмкін екенін айтқан еді.

– «Өзім де сене алар емеспін. Клуб үшін барымды салғанымды бәрі біледі. Неліктен қосалқы құрамда отырғанымды түсінбеймін.

Бапкермен қарым-қатынасымыз жақсы еді. Бірақ бір сәтте бәрі күл-талқан болды. Не үшін бұлай болғанын білмеймін. Біреулер менің клубта қалғанымды қаламайтын секілді.

Алда не боларын көре жатармыз. Анаммен сөйлесіп, келесі матчқа шақырып қойдым. Өйткені ол «Ливерпуль» сапындағы соңғы ойын болуы мүмкін. Африка кубогынан бұрын «Энфилдте» жанкүйерлермен қоштасып кетемін. Өйткені ол жақта жүргенде мені не күтіп тұрғанын білмеймін», – деді Салах.

Indykaila News хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы осыған байланысты Салахты 9 желтоқсан күні болатын Чемпиондар лигасындағы «Интерге» қарсы ойынға қатыстырмайды екен.

Айта кетсек, Салах «Ливерпуль» намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 420 ойында 250 гол соғып, 116 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram