07.12.2025 15:00

Роберто Баджо Италияны қолдады

07.12.2025 15:00

Роберто Баджо: «Италия әлем чемпионатына қайта оралады деп үміттенемін»

Италия құрамасының бұрынғы ойыншысы Роберто Баджо жерлестерінің әлем чемпионатына өтіп, жанкүйерлердің үмітін ақтайтынына сенім білдірді.

«Италия әлем чемпионатына қайта орала алады деп үміттенемін. Мықтылық танытып, жанкүйерлердің сенімін қайтадан ақтайды деп сенемін», - деді Баджо.

Еске салайық, Италия 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің бірінші кезеңінде Солтүстік Ирландиямен ойнайды. Финалға шыққан жағдайда Уэльс - Босния және Герцеговина жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram