12.11.2025 14:55
«Ливерпуль» Витиньяға көз тікті
12.11.2025 14:55
«Ливерпуль» Витиньяны 130 миллион еуроға сатып алуы мүмкін

Ағылшынның «Ливерпуль» клубы ПСЖ-ның жартылай қорғаушысы Витиньяның ойынын мұқият бақылап жүр. Caught Offside басылымының хабарлауынша, ПСЖ ойыншының трансфері бойынша келіссөздер бастауға дайын, егер 130 миллион еуро көлемінде ұсыныс түссе.
Арне Слоттың командасы ортаңғы шепті күшейтуді көздеп отыр. Ал Витиньяның техникасы мен ойын көрегендігі ойынымызға дәл келеді деп есептейді.
ПСЖ тарапынан нақты шешім қабылданған жоқ. Алайда ойыншыға қызығушылық танытқан клубтар саны артып келеді. Егер бұл келісім жүзеге асса, Витинья «Ливерпуль» тарихындағы ең қымбат трансферлердің біріне айналмақ.