12.11.2025 11:43

Рубен Невеш «Әл-Хиләлде» қалады

12.11.2025 11:43

Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Рубен Невеш «Әл-Хиләлмен» келісімшартын ұзартпақ

Николо Скираның мәліметінше, қос тарап жақында 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Ал қазіргі құжат келер жазда күшін жояды.

Айта кетейік, 28 жастағы Невеш Саудияның клубына 2023 жылы «Вулверхэмптоннан» ауысып келген еді. Осы аралықта 104 ойында 12 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram