12.11.2025 10:30

Оскар мансабын аяқтауы мүмкін

12.11.2025 10:30

«Сан-Паулу» жартылай қорғаушысы Оскар мансабын аяқтауы мүмкін

Бразилия ойыншысы жақында есінен танып, ауруханаға түсіпті. Нәтижесінде жүрегінде ақау бар екені анықталды. Осыған байланысты бутсасын шегеге ілуді жоспарлап отыр.

34 жастағы футболшы балтырындағы жарақатына байланысты соңғы 30 матчтың 27-не қатыспады. Ал осы маусымда жалпы 21 ойында екі гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Оскар 2012-1016 жылдары «Челси» намысын қорғаған еді. Лондонның клубымен Англия чемпионы атанып, Еуропа лигасын жеңіп алды. Сондай-ақ Бразилия құрамасында 48 матчта 12 гол мен 15 ассисттің авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram