12.11.2025 10:58
Дидье Дешам клуб тізгінін ұстауы мүмкін
12.11.2025 10:58
Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Әлем чемпионатынан кейін «Әл-Иттихадты» баптауы мүмкін

L'Equipe мәліметінше, Саудияның клубы 57 жастағы маманға ұсыныс жолдап қойыпты.
Осыған дейін ол 2026 жылғы мундиальдан кейін ұлттық командадағы қызметінен кеткісі келетінін айтқан еді.
Айта кетейік, Дешам Францияны 2012 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның тұсында «үштүстілер» Әлем чемпионы (2018) атанып, Ұлттар лигасын (2020/21) жеңіп алды.