03.02.2026 08:46
«Ливерпуль» жаңа ойыншымен толықты
03.02.2026 08:46
Жереми Жаке «Ливерпуль» ойыншысы атанды

Қос тарап 2031 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.
Мерсисайдтың клубы оны «Реннен» 60 миллион еуроға сатып алды. Одан бөлек тағы бонус ретінде 12 миллион төлейді. Жереми қатарға келер жазда қосылады екен.
20 жастағы француз қорғаушысы осы маусымда 19 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмады.