03.02.2026 00:49
Лукман «Атлетикоға» ауысты
03.02.2026 00:49
Адемола Лукман «Атлетико» ойыншысы атанды

Қос тарап 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
Мадридтің клубы оны «Аталантадан» 35 миллион еуроға сатып алды. Сондай-ақ қосымша бонус ретінде тағы бес миллион төледі.
28 жастағы нигериялық шабуылшы осы маусымда 19 матчта үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.