15.06.2026 16:08

«Ливерпульден» бір ойыншы кетеді

15.06.2026 16:08

«Ливерпуль» вингері Коди Гакпо клубтан кетеді

Soccer News хабарлауынша, 27 жастағы Нидерланд құрамасының ойыншысы команда ауыстырғысы келеді және мұны «Ливерпульдің» басшылығына ескертіп қойыпты.

Қазір оған «Бавария», «Тоттенхэм», «Ньюкасл» және «Лейпциг» қызығушылық танытуда. Ал Бен Джейкобс берген мәліметке сенсек, «қызылдар» ойыншысын 70 миллион фунт стерлингке бағалап отыр.

Гакпо Мерсисайдтың клубына 2023 жылы ПСВ-ден 42 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол биылғы маусымда 52 матчта тоғыз гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram