09.12.2025 08:42

«Ливерпульдің» екі ойыншысы қатардан шықты

09.12.2025 08:42

«Ливерпуль» ойыншылары Коди Гакпо мен Федерико Кьеза қатардан шықты

Гакпо «Лидске» (3:3) қарсы ойында жарақат алды. Осыған байланысты бірнеше апта командасына көмектесе алмайды. Ал Кьеза болса ауырып қалыпты. Соның салдарынан алдағы матчта ойнамайды.

Бұған дейін Мұхамед Салах та даулы сұхбатынан кейін құрамға енбей қалған еді. Одан бөлек Ватару Эндо, Жереми Фримпонг, Джованни Леони, Стефан Байчетич және Джейден Даннс жарақат алған. Осылайша Мерсисайд клубы Миланға тек 19 ойыншымен барады.

Чемпиондар лигасының 6-туры аясында өтетін «Интер» – «Ливерпуль» матчы бүгін, 9 желтоқсанға жоспарланған. 01:00-де басталатын кездесуді Qazsport телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram