07.04.2026 11:12

Лукаку «Наполиге» оралудан бас тартты

07.04.2026 11:12

«Наполи» спорт директоры Джованни Манна клубтың шабуылшысы Ромелу Лукакуға қатысты пікір білдірді

«Ромелу жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтау үшін Бельгияда қалды. Біз Лукакуды бірнеше рет шақырдық, бірақ ол қайтпау туралы шешім қабылдады. Клуб әрқашан бірінші орында болу керек. Біз мұны бей-жай қалдырмай, міндетті түрде жаза қолданамыз»,— деді Манна.

32 жастағы шабуылшы жарақатына байланысты Бельгия құрамасының қосынынан ертерек кеткен еді. Ол содан бері «Наполиге» оралмай, жеке өзі жаттығу жасап жүр екен.

Лукаку «Наполи» сапына 2024 жылы «Челсиден» 30,7 миллион еуроға ауысып келген. Ол осы маусымда жарақатына байланысты тек жеті матчқа қатысып, бір гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram