09.02.2026 14:26

Майкл Олисе АПЛ-ге оралуы мүмкін

09.02.2026 14:26

«Бавария» вингері Майкл Олисе мансабын Англияда жалғауы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, 24 жастағы француз вингеріне «Манчестер Сити» мен «Челси» көз тігіп отыр. АПЛ алпауыттары оған келер жазда ұсыныс жасауға ниетті. Ал «Бавария» 150 миллион еуродан кем соманы үзілді-кесілді қабылдамайды екен.

Қазір Майкл Мюнхен клубында аптасына шамамен 220 мың еуро алады. Ал Англияға кетсе еңбекақысы 350 мыңға дейін өсуі мүмкін.

Олисе «Баварияға» 2024 жылы «Кристал Пэластан» 53 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 33 матчта 13 гол соғып, 24 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram