09.04.2026 12:56
Майну «Манчестер Юнайтедте» қалады
09.04.2026 12:56
Кобби Майну «Манчестер Юнайтедте» әлі біраз ойнайды

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға жақын. Қазір соңғы шарттар ғана қалыпты, содан кейін Кобби жаңа құжатқа қол қояды.
Осыған дейін мұны Фабрицио Романоның өзі растаған еді.
Майну – «Манчестер Юнайтедтің» төл түлегі. 20 жастағы англиялық жартылай қорғаушы осы маусымда 24 матчқа қатысып, үш нәтижелі пас берді.