25.02.2026 08:42
Маккенни «Ювентуспен» келісімшартты ұзартуға жақын
25.02.2026 08:42
«Ювентус» жартылай қорғаушысы Уэстон Маккенни клубта қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға жақын. Қазір келіссөздің соңғы кезеңі жүріп жатыр. Жаңа шартқа сәйкес, Маккенидің жалақысы бонустарды есептемегенде таза төрт миллион еуроны құрайды.
27 жастағы америкалық ойыншы «бьянконери» намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 36 матчта жеті гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.