18.04.2026 15:21
Мактоминей «Наполиде» қалады
18.04.2026 15:21
«Наполи» жартылай қорғаушысы Скотт Мактоминей клубта қалады

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты ұзарту жөнінде келіссөзді сәтті жүргізіп жатыр. Жаңа келісім 2030 жылдың жазына дейін жарамды болады және оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар. Сондай-ақ Скоттың жалақысы да біршама артады екен.
Мактоминейге осыған дейін АПЛ және Саудия клубтарынан ұсыныс түсіпті, бірақ өзі Италияда қалуды жөн көреді.
29 жастағы шотландиялық ойыншы Неапольдің клубына 2024 жылы «Манчестер Юнайтедтен» 30,5 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 38 матчта 12 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.