27.12.2025 18:22
Мактоминей жылдың үздік ойыншысы атанды
27.12.2025 18:22
Скотт Мактоминей Шотландияның 2025 жылдағы үздік ойыншысы атанды

Осылайша 29 жастағы «Наполи» жартылай қорғаушысы бұл аталым бойынша қатарынан үшінші рет топ жарды. Сондай-ақ Скотт А Сериясының өткен маусымдағы үздігі деп танылған еді.
Мактоминей осы маусымда 23 ойында бес гол соғып, үш нәтижелі пас берді.