13.02.2026 10:57

«Манчестер Юнайтед» АПЛ шабуылшысына көз тікті

13.02.2026 10:57

«Эвертон» вингері Илиман Ндиайе «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, оған бірнеше клуб қызығушылық танытуда. Бірақ сол қатарда Ндиайені алуға «қызыл сойқандар» басты үміткер болып тұр.

Манкуниандықтар оны «Барселонада» қалып қалуы мүмкін Маркус Рэшфордтың орнына қарастырып отыр. Ал «Эвертон» дүлдүл ойыншысын шамамен 70 миллион фунт стерлингке бағалайды екен.

25 жастағы Сенегал өкілі АПЛ осы маусымында 20 матчта бес гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram