13.12.2025 12:43

«Манчестер Юнайтед» Бруну Фернандештің бағасын бекітті

13.12.2025 12:43

«Манчестер Юнайтед» капитаны Бруну Фернандеш мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін

Қазіргі таңда 31 жастағы Португалия жартылай қорғаушысына «Әл-Наср», «Әл-Иттихад» және тағы бірқатар клуб қызығушылық танытуда.

Caught Offside хабарлауынша, манкуниандықтар ойыншысын 80 миллион еуроның айналасында бағалап отыр. Егер дәл осы шамада ұсыныс түсіп жатса, сатып жіберуге әзір екен.

Айта кетейік, Бруну осы маусымда 16 ойында төрт гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram