13.12.2025 08:43

Модрич бас бапкер туралы ойын айтты

13.12.2025 08:43

Лука Модрич: «Мен Аллегримен жұмыс істегенді ұнатамын, ол мені өзінің мінез-құлқымен таңқалдырды»

«Миланның» жартылай қорғаушысы Лука Модрич команда бас бапкері Массимилиано Аллегри туралы ойларымен бөлісті.

«Ол керемет бапкер, жеңімпаз. Мен онымен жұмыс жасауды ұнатамын, ол мені өзінің мінез-құлқымен таңқалдырды. Оның командамен байланыс орнату қабілеті өте жоғары, себебі ол ұлы чемпиондармен жұмыс істеуге дағдыланған. Ол барлығына ең жақсы нәтижелер көрсетуге көмектеседі және тыныш атмосфера қалыптастырады, бұл тапсырмаларды орындауды жеңілдетеді», - деді Модрич.

Осы маусымда 40 жастағы Лука 16 матчта ойнап, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram